Kazakh Language Learning Podcasts   /     Kazakh podcast 012706

Summary

Елбасы Санкт-Петерборда Бүгін Ресейдің Санкт-Петербор қаласында Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастыққа мүше мемлекеттер басшыларының саммиті өтті. Оған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та қатысты. Мемлекет басшысы осы сапар барысында Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті. Елбасының биылғы сыртқа сапары да Ресейден басталды. Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық Экономикалық қауымдастықтың мәжілісі басталмай тұрып, Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен жеке жүздесті. Осы кездесуде Қазақстан-Ресей арасында жаңа екі құжатқа қол қойылатыны белгілі болды. Оның біріншісі - Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық жөніндегі бірлескен мәлімдеме, екіншісі - Каспий теңізінің солтүстік бөлігі табанының ара-жігін ажырату жөніндегі келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама. Ал, Еуразиялық Экономикалық қауымдастықтың кезекті мәжілісі негізінен, ұйымға Өзбекстанның мүше болуын заңдастыру мәселелеріне арналды. Сонымен осыдан бес жыл бұрын құрылған ұйымға мүше мемлекеттердің саны алтыға жетті. Олар Қазақстан, Ресей, Беларусь, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан. Санкт-Петербордағы басқосуда мемлекет басшылары ынтымақтастықты арттыруға қоса кедендік одақ құру, тарифтерді бір ізділікке түсіру, ортақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін талқылап, өзара келісімге келді.

Subtitle
Authentic listening materials for students of Kazakh from CeLCAR
Duration
3:05
Publishing date
2006-01-27 20:00
Link
http://www.indiana.edu/~celcar/podcasts/kazakh/kazakh012706.mp3
Contributors
  CeLCAR, Indiana University
author  
Enclosures
http://www.indiana.edu/~celcar/podcasts/kazakh/kazakh012706.mp3
audio/mpeg