Kazakh Language Learning Podcasts   /     Kazakh podcast 021006

Summary

Мұқағали Мақатаевтың туғанына 75 жыл Қазақ халқының біртуар ақыны, өлеңді өмірдей сезінетін әр адамның жақыны Мұқағали Мақатаевтың есімі әрқашан ел есінде. Ақиық ақынның туғанына 75 жыл толуына орай Талдықорғанда өткен әдеби – сазды еске алу кешінің «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» деп аталуы бұған толық дәлел. Мұқағали Мақатаевтың өмірден озғанына осы көктемде 30 жыл толады. Ал, оның ойлы өлеңдері мен тәтті жырлары талайды тамсандырумен келеді. Алашқа аты мәлім азаматтар оны ақиық ақын деп атады, ХХ ғасыр поэзиясындағы құбылыс ретінде бағалады. Халық айтқан теңеулер де көп, олар Қарасаздың қыраны, Алатаудың мұзбалағы, қазақтың мақтанышы деп тізбектеліп кете береді. Шығармалары әр жүректен орын алған ақынның өлеңдеріне жазылған әндер - сахнаның сәні. Талдықорғанда өткен «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты әдеби-сазды кешке қала жастары көп жиналды. Ақынның ауылдас бауыры, замандас досы, белгілі ақын Еркін Ібітанов пен інісі, жазушы Төлен Қаупынбаевтың естелік әңгімелерін жұртшылық ұйып тыңдады. «Мен мәңгі өлмейтін шығармын, сәл мызғып қайтадан тұрармын» деп жырлаған Мұқағали ақын ХХІ ғасырдың жастарымен бірге жасайтынына сенген. Уақыт мұны да дәлелдеп отыр. Ақын жырын жатқа білер жас ұрпақтың көптігі қуантады.

Subtitle
Authentic listening materials for students of Kazakh from CeLCAR
Duration
3:05
Publishing date
2006-02-10 20:00
Link
http://www.indiana.edu/~celcar/podcasts/kazakh/kazakh021006.mp3
Contributors
  CeLCAR, Indiana University
author  
Enclosures
http://www.indiana.edu/~celcar/podcasts/kazakh/kazakh021006.mp3
audio/mpeg