Kazakh Language Learning Podcasts   /     Kazakh podcast 021706

Summary

Көптен күткен Турнин Олимпиадасының да алауы тұтанды Жұма күні кешке Италияның Турин қаласында ХХ Қысқы Олимпиада ойындарының салтанатты ашылуы болды. Туринге келген 2,5 мың үмiткерлердiң арасында бiздiң жерлестер де бар. Спорттың жетi түрi бойынша сынға түсетiн қазақстандықтарға тек сәттiлiк тiлеймiз. Италия жарты ғасыр өткеннен кейін ойындар алауын қайта тұтатты. 80 елдiң спортшылары ендi бiр айға жуық Италия жерiнде өз шеберлiктерiн паш етедi. Италияның бағына біткен шаңғышы Стефанио Бельмондо Олимпиада алауын тұтатты. Ал стадионға Рим папасының алдын көрген алауды дүниежүзі түгел мойындаған адам алып кiруi тиіс болатын. Бұл құрмет тау шаңғысы спортының майталманы Альберто Томбаның маңдайына жазылыпты. Күміс көмей әнші Лучано Паваротти ән салғаннан кейін, Павароттидің жолын қуған 9 жасар Элеонора Белетти Италия мемлекетiнiң Әнұранын салғанда үш жолақты жалау Турин көгіне көтерілді. Сосын спортшылар шеруі басталды. Бұрын-соңды қысқы ойындарға 80 елден спортшы келiп көрген емес. Қазақтың көк туын Александр Корешков ұстап шықты.

Subtitle
Authentic listening materials for students of Kazakh from CeLCAR
Duration
3:05
Publishing date
2006-02-17 20:00
Link
http://www.indiana.edu/~celcar/podcasts/kazakh/kazakh021706.mp3
Contributors
  CeLCAR, Indiana University
author  
Enclosures
http://www.indiana.edu/~celcar/podcasts/kazakh/kazakh021706.mp3
audio/mpeg